Шығыс Қазақстан облысының әкімі MNALRC W.L.L. компаниясымен жұмыс кездесуін өткізді
26.12.2025 11:01:02 167
2025 жылғы 26 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы Корольдік Бахрейннің Манама қаласында тіркелген MNALRC W.L.L. халықаралық компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысының аумағында өнеркәсіп және металлургия саласындағы ірі инвестициялық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды. Компания өкілдері заманауи технологияларды қолдана отырып, экологиялық стандарттарды қатаң сақтайтын ферросилиций өндіретін зауыт салу тұжырымдамасын таныстырды.
MNALRC W.L.L. – өнеркәсіптік инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және іске асыруға маманданған халықаралық сауда-консалтингтік компания. Компания халықаралық қаржы институттарымен және стратегиялық серіктестермен өзара әрекеттесе отырып, жобаларды қаржыландыруды, технологиялық сараптаманы және басқарушылық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
Жоба аясында қалдық жылуды кәдеге жарату жүйелері, десульфурация және денитрификация жүйелері, суды жабық циклде пайдалану, сондай-ақ шығарындыларды автоматтандырылған бақылау жүйелері сияқты заманауи экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу көзделген. Жобаны іске асыру қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға, циркулярлық экономика қағидаттарын енгізуге және ресурстарды кешенді пайдалануға бағытталған.
Зауыт құрылысы тек Шығыс Қазақстан облысының аумағында жүзеге асырылатыны ерекше атап өтілді.
Жобаны іске асыру нәтижесінде 660 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр, бұл өңір үшін елеулі әлеуметтік-экономикалық тиімділік әкеліп, оның өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1132956?lang=kk