ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСЫСЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ!
26.12.2025 14:35:03 296.jpeg)
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Жаңа жыл мерекелері қарсаңында Шымкенттегі Қазымұқан орталық стадионында жергілікті тауар өндірушілер, шаруа қожалықтары және көтерме саудагерлер қатысатын азық-түлік жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңке 30 желтоқсанда сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін өтеді.
Келушілерге жеміс-жидек пен көкөніс, ет және сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер және басқа да азық-түлік түрлері қолжетімді бағамен ұсынылады.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, қолжетімді бағамен қажетті азық-түлік сатып алу және Жаңа жыл мерекелеріне дайындалуды бастау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Сіздерді жәрмеңкеге шақырамыз – кең таңдау және тамаша бағалар кепілдендірілген!