ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ!

ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ!

26.12.2025 14:49:32 266

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Шымкентте Жаңа жыл мерекесі қарсаңында  «Қажымұхан атындағы орталық стадионының» аумағында  жергілікті тауар өндірушілер, шаруа қожалықтар мен көтерме сауда қызметімен айналысатын кәсіпкерлердің қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Жәрмеңке 30 желтоқсан күні таңғы 09:00-ден 15:00-ге дейінгі аралықта өтеді.  
Жәрмеңкеде жемістер, көкөністер, ет өнімдері, сүт өнімдері, кондитерлік бұйымдар және тағы да басқа түрлі азық-түлік өнімдері қолжетімді бағамен ұсынылатын болады.

Құрметті қала тұрғындары және қонақтары,  қажетті азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен алып, Жаңа жыл мерекесіне дайындықты бастауға мүмкіндік беретін ерекше шарадан қалыс қалмаңыздар!
Келіңіздер, таңдау мүмкіндігі мол!