Бөрлі ауданы Ақсай қаласында 300 орындық №1 мектебі пайдалануға берілді

Бөрлі ауданы Ақсай қаласында 300 орындық №1 мектебі пайдалануға берілді

26.12.2025 18:40:38 192

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, заманауи білім беру инфрақұрылымын қалыптастыру және әрбір балаға сапалы білім алуда тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Бөрлі ауданы Ақсай қаласында 300 орындық №1 мектебі пайдалануға берілді.

Аталған шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, білім ордасының ашылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен білім беру сапасын арттырудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Жаңа мектеп оқушылардың білім алуына ғана емес, олардың шығармашылық, зияткерлік және спорттық әлеуетін дамытуға бағытталған. Білім ордасында 28 оқу кабинеті, дизайн-технология және робототехника сыныптары, инклюзивті білім беру кабинеттері, хореография залы, спорт залы, шығармашылық және техникалық бағыттағы шеберханалар, заманауи кітапхана және 110 орындық акт залы қарастырылған. Жаңа білім ордасынан ел ертеңін қалыптастыратын білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ өсіп шығарына сенім мол.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1133557?lang=kk