Шымкентте «Ақжар» қосалқы станциясы іске қосылды.

Шымкентте «Ақжар» қосалқы станциясы іске қосылды.

27.12.2025 22:02:58 279

Шымкентте «Құрсай» тұрғын үй кешенінде жаңа 110/35/10 кВ, 40 МВА «Ақжар» электр қосалқы станциясы ашылды. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Айта кету керек, қосалқы станция жабдықтары барлық техникалық тексерулер мен сынақтардан сәтті өтті. Жүктемені ауыстыру 2026 жылдың басында, яғни 220/110/6 кВ Қазығұр қосалқы станциясында үшінші автотрансформаторды орнату жұмыстары аяқталғаннан кейін жоспарланған, бұл Ақжарды қаланың электр желісіне толық қосуды қамтамасыз етеді.

Қосалқы станцияның іске қосылуы «Құрсай» тұрғын үй кешеніндегі абоненттерді қосу, бизнес қызметін кеңейту және «Сауда-логистикалық орталық» индустриалды аймағындағы кәсіпорындардың өндірістік қуатын арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.

Жоба қаланың электр желісінің циклін одан әрі дамыту арқылы тұрақтылық пен үздіксіз электрмен жабдықтауды жақсартады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі