28 желтоқсан – Әскери өкілдіктер күні
28.12.2025 11:10:21 198
Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктер орталығының мамандары кәсіби мерекеcін атап өтуде.
Танымал 17 өкілдіктің сарапшылары қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің 60-тан астам кәсіпорнында әскери мақсаттағы өнімнің сапасын бақылауды және қабылдауды жүзеге асырады.
Әскери өкілдіктер қару-жарақтың, әскери техниканың және оқ-дәрілердің жаңа өндірісін әзірлеу және өндіріске шығаруға тікелей қатысып, оларды меңгеру жұмысын іске асырады.
Орталық өнімнің сапасын бақылау және қабылдау процестерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің барлық тізбесін дайындап, бекітті. Олардың өтініші бойынша 30-дан астам ұлттық әскери стандарттар әзірленді.
Қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарында орталық қару-жарақ пен әскери техниканы күрделі жөндеуді, оларды өндіруді, жаңғыртуды және сатып алуды қадағалайды. Орталық мамандары әскери және қос мақсаттағы тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен толықтығын, олардың техникалық құжаттама талаптарына, тактикалық-техникалық тапсырмаға және шарт талаптарына сәйкестігін тексереді.
Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде орталық өкілдері шарттардың жобаларын дайындауға және келісуге қатысады, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді әзірлеу және өндіру кезінде ұлттық стандарттардың сақталуын бақылайды. Орталық мамандары қару-жарақты, әскери техниканы және киім-кешек мүлкін өндіру, жөндеу, жаңғырту сапасын бақылауды жүзеге асырады. Олардың қызметінің маңызды құрамдас бөлігі әскери өнімді қабылдау, бағасын белгілеу ережелеріне сәйкес тікелей және кооперация тәртібімен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді әзірлеуге және өндіруге жатқызылған нақты шығындарды тексеру және келісу болып табылады.
Орталықтың құрылуы қару-жарақ пен әскери техниканың істен шығу жағдайларын бірнеше есе азайтуға, ал кейбір позицияларды алып тастауға мүмкіндік берді. Әскери өкілдіктің тәжірибесі мен білімі де әскери мақсаттағы өнімдерді өндірудегі негізсіз шығындарды айтарлықтай төмендеуге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1133713?lang=kk