Мерсин провинциясының компаниялары Қазақстанға инвестициялық әлеуетті зерделеу үшін келеді

Мерсин провинциясының компаниялары Қазақстанға инвестициялық әлеуетті зерделеу үшін келеді

31.12.2025 08:00:38 139

Анкара, 2025 жылғы 30 желтоқсан – Елші Е.Сәпиевтың Түркияның Мерсин провинциясына жасаған жұмыс сапары аясында бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен кездесулер өткізілді.

Кездесулерде екі ел арасындағы  инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді  тереңдету мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, тамақ өнеркәсібі, темір өңдеу, гигиеналық өнімдер өндірісін  Қазақстанда жасау, бірлескен өндірістерді орналастыру, сондай-ақ түрік бизнесінің еліміздің инвестициялық жобаларға қатысу мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесулер нәтижесінде түрік бизнесімен ынтымақтастықты әрі қарай дамытып, еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерін тереңірек таныстыру мақсатында түрік компанияларының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ankara/press/news/details/1135396?lang=kk