📢 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап «Халық бухгалтері» акциясы басталады

📢 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап «Халық бухгалтері» акциясы басталады

31.12.2025 11:31:10 226

ҚР ҚМ жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне арналған «Халық бухгалтері»  акциясын іске қосады.

 

🗓 Өткізу мерзімі:

2026 жылғы 5 қаңтар – 30 маусым

 

👥 Кімдерге арналған:

Жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне

 

💬 Қандай көмек көрсетіледі:

Келесі мәселелер бойынша түсінікті әрі практикалық кеңестер беріледі:

  • бухгалтерлік есеп;
  • салықтық есептілік;
  • ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу.

 

📍 Жұмыс форматы:

Негізгі формат — қалалар мен облыс орталықтарындағы мемлекеттік кірістер басқармалары базасында офлайн қабылдау.

 

Кеңес беру кестесі:

2026 жылғы қаңтар–ақпан аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10:0013:00

2026 жылғы наурыздан бастап аптасына 2 рет

 

Қабылдау орындары мекенжайы мен жұмыс кестесі көрсетілген «Халық бухгалтері» арнайы тақтайшаларымен белгіленеді.

 

👨💼 Кеңес берушілер:

  • кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар;
  • бухгалтерлік қауымдастықтардың өкілдері;
  • заңнама нормаларын түсіндіру үшін мемлекеттік кірістер органдарының тәжірибелі қызметкерлері.

 

🏙 География:

  • Астана, Алматы және Шымкент қалаларында — жеке кеңес беру алаңдары (мүмкіндікке қарай қаланың барлық аудандарында);
  • өңірлерде — аудандық деңгейде, қажет болған жағдайда мамандардың көшпелі қабылдауы ұйымдастырылады.

 

📞 Қосымша мүмкіндіктер:

  • бейнекеңестер мен телефон арқылы байланыс;
  • ресми ресурстар арқылы онлайн кеңес беру;
  • вебинарлар (онлайн және офлайн);
  • есептілік кезеңдерінде тақырыптық кеңес беру сессиялары.

 

📘 Сонымен қатар, заңнама нормаларын қарапайым тілмен түсіндіретін және ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу бойынша қадамдық нұсқаулықтары бар буклеттер дайындалады, Call-орталыққа арналған материалдар жаңартылып, SalykBot Telegram-арнасы ақпаратпен толықтырылады.

 

«Халық бухгалтері» акциясы салық төлеушілермен жұмыс істеуде бақылау моделінен сервистік сүйемелдеуге көшу жолындағы алғашқы қадам.

Алдағы уақытта құқық бұзушылықтардың алдын алуға және консультациялық қолдаудың сапасын арттыруға бағытталған қосымша шаралар іске асырылатын болады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1135701?lang=kk