«Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру

«Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру

01.01.2026 17:40:17 145

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Қостанай облысында абаттандыру және қоршаған ортаны жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Жыл басынан бері өңірде 80 сквер мен саябақ абаттандырылып, 164 балалар және спорт алаңы салынды. 108 көппәтерлі тұрғын үйде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 143,9 мың жасыл желек отырғызылды, 8,5 мың көше шамы орнатылды.

Бағдарлама өңірдегі оң өзгерістердің нақты тетігіне айналды. «Таза Қазақстанның» арқасында тек облыс орталығы ғана емес, сонымен қатар қалалар, аудандар мен ауылдар да жаңарып келеді. Бұрын елді мекендердің сыртқы келбетіне нұқсан келтіріп, беделін түсірген бос жатқан аумақтар, рұқсат етілмеген қоқыс орындары, қараусыз қалған және иесіз үйлер орналасқан 13 учаскеде бүгінде абаттандырылған саябақтар, скверлер, аллеялар мен қоғамдық кеңістіктер пайда болды.

Бұл жұмыстар тұрғындар үшін қолайлы, таза және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған және алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1136129?lang=kk