«2025 ЖЫЛ БОЙЫНША ӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЗДІГІ»
08.01.2026 17:31:07 798
Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Департаментке қарасты мекемелер мен құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері арасында «Өз қызметінің үздігі» атты конкурс өткізілді.
Аталған конкурс қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, қызметтік тәртіп пен жауапкершілікті нығайту, сондай-ақ өз қызметіне адал, жоғары нәтижелер көрсеткен үздік мамандарды анықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Конкурс келесі қызметтер, бөлімдер мен топтар бойынша өткізілді:
Кезекші қызмет;
Жедел қызмет;
Режим қызметі;
Арнайы есеп қызметі;
Сотталғандармен тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс қызметі;
Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру қызметі;
Бақылаушы қызмет;
Пробация қызметі.
Конкурс қорытындысы бойынша келесі қызметкерлер жеңімпаз деп танылды:
Кезекші қызмет бойынша – ҚР ІІМ ҚАЖК 74-мекемесінің тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі, әділет капитаны Сағинов Жанас Жалғасұлы;
Жедел қызмет бойынша – ҚР ІІМ ҚАЖК 28-мекемесінің жедел бөлімінің жедел уәкілі, әділет аға лейтенанты Кушербаев Тимур Газизұлы;
Режим қызметі бойынша – ҚР ІІМ ҚАЖК 74-мекемесінің режим және күзет бөлімінің тексеру тобының жедел уәкілі, әділет лейтенанты Балажанов Дамир Тимурұлы;
Арнайы есеп қызметі бойынша – ҚР ІІМ ҚАЖК 27-мекемесінің арнайы есеп бөлімінің бастығы, әділет майоры Тастеева Ори Такесқызы;
Сотталғандармен тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс қызметі бойынша – ҚР ІІМ ҚАЖК 28-мекемесінің сотталғандармен тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің отряд бастығы, әділет аға лейтенанты Утегенов Мақсат Мұратұлы;
Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру қызметі бойынша – ҚР ІІМ ҚАЖК 28-мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы, әділет капитаны Күнжарикова Әсемгүл Хамидуллақызы;
Бақылаушы қызмет бойынша – ҚР ІІМ ҚАЖК 27-мекемесінің режим бөлімінің ақпараттандыру және байланыс тобының бақылаушысы, әділет сержанты Қабдеш Сұлтан Оразбайұлы;
Пробация қызметі бойынша – Бәйтерек ауданының №2 пробация қызметі бөлімінің бастығы, БҚО ҚАЖ департаменті, әділет капитаны Иксанғалиев Нұрсұлтан Амангелдіұлы.
Жеңімпаздар қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары кәсібилік пен жауапкершілік танытқаны үшін марапатталды. Мұндай іс-шаралар жеке құрамды ынталандыруға, қызмет сапасын арттыруға және Қылмыстық-атқару жүйесінің беделін нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1138204?lang=kk