Жамбыл облысының Мемлекеттік кірістер басқармаларында "халық бухгалтері" және ашық есік күнін акцияларын өткізу туралы, тақырыптары: жаңа Салық кодексі, бақылау моделінен сервистік сүйемелдеуге көшу

Жамбыл облысының Мемлекеттік кірістер басқармаларында "халық бухгалтері" және ашық есік күнін акцияларын өткізу туралы, тақырыптары: жаңа Салық кодексі, бақылау моделінен сервистік сүйемелдеуге көшу

09.01.2026 09:10:40 384

Жамбыл облысының барлық МКБ-да 5 қаңтардан бастап "халық бухгалтері" және "ашық есік күндері" акциялары басталды, аталған акциялар жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне тегін кеңес беру арқылы қолдау көрсетуге бағытталған. Оның ішінде 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер бойынша салық төлеушілерге түсіндірмелерді жүргізу.

Бастама бақылау моделінен салық төлеушілерді сервистік сүйемелдеуге көшу шеңберінде іске асырылады.

Кеңес беруді кәсіби бухгалтерлер, бухгалтерлік бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдарының тәжірибелі қызметкерлері жүргізеді.

 

Акцияның алғашқы екі күнінде 136 бизнес субъектісіне түсіндірмелер берілді.

Іс-шаралар барысында негізгі сұрақтар: арнайы салық режимдерінің өзгеруі, оның ішінде АСР ауыстыру және өзгертту жолдары, ҚҚС сұрақтары, салықтық жеңілдіктер және басқа да сұрақтар.

Аталған іс-шаралар кәсіпкерлердің салық сауаттылығын арттыруға, уақтылы профилактикалық және кеңес беру арқылы бұзушылықтар санын азайтуға бағытталған.

Бұл іс-шаралар тұрақты негізде жүзеге асырылады.

Жамбыл облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1138398?lang=kk