«2026 жылғы салықтық өзгерістер: денсаулық сақтау ұйымдары үшін негізгі мәселелер»

«2026 жылғы салықтық өзгерістер: денсаулық сақтау ұйымдары үшін негізгі мәселелер»

09.01.2026 17:51:11 679

 Бүгін, 9 қаңтарда, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті денсаулық сақтау ұйымдарымен семинар өткізді Бүгін, 9 қаңтарда, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдерімен жаңа Салық кодексіне қатысты, соның ішінде қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша өзгерістерге ерекше назар аудара отырып, түсіндіру семинарын өткізді. Кездесу барысында медициналық ұйымдар үшін маңызды негізгі жаңашылдықтар жан-жақты түсіндірілді.  2026 жылдан бастап медициналық ұйымдар үшін ҚҚС бойынша негізгі өзгерістер:  ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі төмендетіледі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС бойынша шек 10 000 АЕК болып белгіленді, бұл айналымды мұқият бақылауды талап етеді.  Айналымдарды бақылау күшейтіледі Шектен асуға алып келетін мәмілелер жоспарланған жағдайда, ҚҚС бойынша тіркеуге тұру туралы өтініш айналымды жүзеге асырғанға дейін берілуі тиіс.  Өтініш беру мерзімдері өзгертіледі Айналым шегінен асқан кезде өтініш 5 жұмыс күні ішінде ұсынылуы қажет, талаптар сақталмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделген.  ҚҚС-тан босатуды қолдану кезінде мұқият болу қажет Кейбір медициналық қызмет түрлері ҚҚС-тан босатылады, алайда бұл босатуды қолдану қызмет түріне және қолданылатын салық режиміне байланысты.  Семинар барысында практикалық мысалдар қарастырылып, жиі кездесетін қателіктер талданып, салықтық тәуекелдерді азайту бойынша ұсынымдар берілді. Осындай кездесулер өзгерістерді дұрыс түсіндіруге және салықтық міндеттемелерді заң талаптарына сәйкес орындауға бағытталған. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1138993?lang=kk