Мәжіліс депутаты Шымкентте студенттермен кездесу өткізді.

Мәжіліс депутаты Шымкентте студенттермен кездесу өткізді.

10.01.2026 10:26:49 687

Мәжіліс депутаты және Қазақстан Халық партиясы фракциясының мүшесі Ислам Сұңқар аймақтарға жұмыс сапары аясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу университетіне барды.

Университеттің оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесуде
Жоғары білім мен ғылым саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, оқытушылардың мәртебесін көтеру, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, ғылыми зерттеулерді қолдау тетіктерін жетілдіру, студенттердің білім сапасын арттыру және білім беру процесін жаңғырту мәселелері қозғалды.

Стипендия мөлшері, әлеуметтік қолдау, жатақханамен қамтамасыз ету және білім беру гранттарын бөлу тәртібі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде Ислам Сұнқар білім беру мен ғылымды дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтарының бірі екенін атап өтіп, келіп түскен ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарға жіберіліп, Мәжілісте қаралатынын мәлімдеді.

Кездесу соңында тараптар ашық диалогтың маңыздылығын атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және сындарлы өзара іс-қимылды сақтауға дайын екендіктерін білдірді.