Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің мемлекеттік органдардың қызметінде қолданылуы туралы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің мемлекеттік органдардың қызметінде қолданылуы туралы

12.01.2026 12:52:10 352

     Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша Департаментінде бақылау бөлімінің 2026 жылға арналған медиа жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің мемлекеттік органдардың қызметінде қолданылуы» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

     Семинар барысында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Д.Сенгербаев: Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің негізгі нормаларына тоқталып, оның мемлекеттік органдардың қызметінде қолдану ерекшеліктері мен практикалық маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, пікір алмасу жүргізілді.

     Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және әкімшілік рәсімдерді тиімді қолдануға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1139523?lang=kk