Ақтөбе облысының прокуратурасында қаржылық сауаттылық және интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды
12.01.2026 17:22:20 319Ақтөбе облысының прокуратурасында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақтөбе филиалының өкілдері және директоры П.Асимбетованың, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Ақтөбе қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының басшысы Н.Успановтың, жұмыс кездесу өткізілді.
Кездесу барысында қатысушыларға Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің негізгі функциялары түсіндіріліп, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ерекше наза банктік саладағы интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл шараларына, сондай-ақ қаржылық құралдарды пайдалану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алуда бірлескен тәсілдерді қалыптастыруға аударылды.
Мұндай іс-шараларды өткізу прокуратура органдары мен қаржы секторы өкілдері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауға және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1139874?lang=kk