Қонай және Береке шағын аудандарындағы тұрғын үй құрылысы

Қонай және Береке шағын аудандарындағы тұрғын үй құрылысы

13.01.2026 18:01:07 309

Бүгін Қонай және Береке шағын аудандарында көппәтерлі тұрғын үйлер салу мәселесі бойынша көшпелі кеңес өтті.

2025 жылы бюджет қаражаты есебінен Қостанай қаласында 51,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде 9 көппәтерлі және 124 жеке тұрғын үй бар. Береке шағын ауданында 7 көппәтерлі үй, Қонай шағын ауданында 2 көппәтерлі үй салынды.

Ағымдағы жылы тағы 11 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда: 8-і Қонай шағын ауданында, 3-і Береке шағын ауданында. Осы жобалар іске асырылғаннан кейін Қонай шағын ауданында көппәтерлі үйлердің құрылысы толық аяқталады. Мұнда үйлердің жалпы саны 30-ға жетеді. Ал Береке шағын ауданында бюджет есебінен салынған үйлер саны 27 болады.

Қостанай қаласында тұрғын үй құрылысын негізінен жергілікті мердігер ұйымдар жүзеге асыруда, бұл жұмыстардың сапасы мен мерзіміне оң әсер етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1140592?lang=kk