Салықтық есептілікті кері қайтарып алудың уақытша тәртібі
14.01.2026 10:42:04 210
Құрметті салық төлеушілер!
Таңдалған салық салу режиміне уақтылы көшуді қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік кірістер комитетімен салық есептілігін кері қайтарып алуға салықтық өтінішті берудің уақытша мүмкіндігін ұсыну туралы шешім қабылданды.
Аталған өтініш ескі және жаңа СТК-да 2026 жылғы 1 наурызға дейін, яғни өтпелі кезең ішінде қолжетімді болады.
Бұл ретте, салық есептілігінің нысандары олар ұсынылған ақпараттық жүйеде кері қайтарып алынуға жататынына назар аударамыз:
- егер СЕН жаңа СТК–да ұсынылған болса, онда кері қайтарып алуға өтінішті жаңа СТК–да беру қажет;
- егер СЕН ескі СТК–да ұсынылған болса, онда кері қайтарып алуға өтініш ескі СТК–да беріледі.
Сондай-ақ, СЕН кері қайтарып алу мүмкіндігін қарастыратын норма жаңа Салық кодексіне сәйкес алынып тасталды. Осыған орай, бұл функцияны тек қана:
- салық салу режимін уақтылы таңдау үшін;
- дара кәсіпкердің қызметін тоқтату мақсатында ғана пайдалану қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1140825?lang=kk