Ұлан-Батырда Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды

Ұлан-Батырда Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды

14.01.2026 15:21:00 143

Ұлан-Батыр, 2026 жылғы 12 қаңтар – Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрі – Қазақстан-Моңғолия сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) төрағасы Мягмарсүрэнгийн Бадамсүрэнмен кездесті.

Сондай-ақ, кездесуге Моңғолияның Отбасы, еңбек және әлеуметтік қорғау істері жөніндегі министрі Тилеуханы Аубакир, Моңғолияның Парламент депутаты – Қазақстан-Моңғолия парламентаралық достық тобы төрағасының орынбасары Хажекберийн Жангабыл, сондай-ақ Моңғолияның Парламент депутаты Сархадын Зулпхар қатысты.

Кездесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, жеңіл өнеркәсіп, туризм, білім беру және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ екі ел арасындағы тауар айналымын ұлғайту мүмкіндіктерін талқылады. Салалық мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері арасындағы тікелей іскерлік байланыстарды кеңейтуге, кооперацияны дамытуға және бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, екіжақты қатынастарды дамытуда және халықтар арасындағы байланыстарды нығайтуда парламенттік достық топтарының рөлінің маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша 2026 жылы Астана қаласында ҮАК-тың 10-шы мерейтойлық отырысын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1141109?lang=kk