БКМ чектерін рәсімдеу және толтыру бойынша сұрақ-жауап

БКМ чектерін рәсімдеу және толтыру бойынша сұрақ-жауап

02.10.2026 04:17:19 230
  1. БКМ чегінде көрсетілетін қызметтің атауын көрсету қажет пе?

Иә. Қызмет көрсету кезінде БКМ чегінде, оның ішінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығымен бекітілген Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидаларына және бақылау-касса машинасының чегінің мазмұнына қойылатын талаптар тізбесіне сәйкес, көрсетілген қызметтің атауы қамтылуға тиіс.

«Сату» немесе «Позиция» деген тұжырымдардың өзі көрсетілген қызметтің атауы болып табылмайды.

Осыған байланысты кәсіпкер БКМ-ді чекте нақты көрсетілген қызметтің атауы көрсетілетіндей етіп баптауы қажет.

 

  1. Қызмет көрсету кезінде БКМ чегінде ҰТК кодын көрсету қажет пе?

Жоқ. Ұлттық тауарлар каталогына (ҰТК) сәйкес тауардың сәйкестендіру коды тауарларды өткізу кезінде қолданылады.

Қызмет көрсету кезінде ККМ чегінде ҰТК-дан тауар кодын көрсету талап етілмейді.


  1. БКМ чегі табысты алғанын растай ма?

БКМ чегі сатушы (өнім беруші) мен сатып алушы (клиент) арасындағы ақшалай есеп айырысудың жүзеге асырылғанын растайды.

Бұл ретте кәсіпкерлік қызметтен алынған табысты растау үшін есепке алу құжаттары және салық салу объектілерін айқындауға негіз болатын өзге де құжаттар да пайдаланылуы мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1302622?lang=ru