ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары - ҚАЖК төрағасы қатысуымен 2025 жылдың қорытындысына арналған жиын өтті.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары - ҚАЖК төрағасы қатысуымен 2025 жылдың қорытындысына арналған жиын өтті.

14.01.2026 15:40:46 150

Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 2025 жылдың қорытындысына арналған жиын өтті.

Жиынға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – ҚАЖ комитетінің төрағасы, әділет полковнигі Абай Серікұлы Қайырбеков қатысып, баяндама жасады. Ол 2025 жылы атқарылған жедел-қызметтік жұмыстың негізгі нәтижелеріне жан-жақты тоқталып, қол жеткізілген көрсеткіштер мен өзекті мәселелерді атап өтті. Сондай-ақ алдағы кезеңге арналған басым бағыттар мен нақты міндеттер айқындалды.

Алқа отырысы барысында ҚАЖ департаментінің басшылығы, мекемелердің бастықтары, сондай-ақ аудандық және қалалық Пробация қызметтері басшыларының есептері тыңдалды. Талдау нәтижесінде мекемелер мен пробация қызметінің жұмысында орын алған барлық кемшіліктер жан-жақты қаралып, олардың себептері талқыланды. Анықталған олқылықтарды жою бойынша нақты әрі өлшенетін тапсырмалар беріліп, әрбір басшының жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

Департамент бастығы, әділет полковнигі Рустан Серікұлы Ахметжанов жеке құрамды Ішкі істер министрлігінің алқа отырысында қаралған негізгі мәселелермен таныстырып, қабылданған шешімдер мен қойылған талаптарды жеткізді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының бастамасымен 2026 жылға айқындалған стратегиялық бағыттар аясында ҚАЖ жүйесінің алдына қойылатын міндеттер нақтыланып, тәртіп пен заңдылықты нығайту, қызмет сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі атап өтілді.

Жиын қорытындысы бойынша барлық құрылымдық бөлімшелерге, мекемелер мен пробация қызметтеріне кемшіліктерді жоюға, қызмет тиімділігін арттыруға және белгіленген тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауға бағытталған нақты тапсырмалар жүктелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisastana/press/news/details/1141155?lang=kk