«Абай ауданының отбасын қолдау орталығы» КММ

«Абай ауданының отбасын қолдау орталығы» КММ

14.01.2026 15:40:48 140

Абай қаласында Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Абай ауданының отбасын қолдау орталығы» КММ өз жұмысын бастады.

Мекеме өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылармен және жекелеген азаматтармен жұмыс жүргізу мақсатында құрылды.
Орталықта әлеуметтік, психологиялық, кеңес беру және құқықтық көмек көрсетіледі.

Негізгі қызмет бағыттары:
▪️ қолдауды қажет ететін отбасылар мен азаматтарды анықтау
▪️ әлеуметтік сүйемелдеу
▪️ әлеуметтік қолайсыздықтың алдын алу
▪️ отбасының функцияларын қалпына келтіруге жәрдемдесу
▪️ өмірлік жағдайды тұрақтандыру

Қызметтің басты мақсаты — Абай ауданы аумағында халықтың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру және отбасылық қолайсыздықтың алдын алу.

🏢Мекен-жайы: Абай қаласы, Абай көшесі 53-1

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1141151?lang=kk