Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің делегациясы Qarmet компаниясына жұмыс сапарымен барды
14.01.2026 17:21:31 84
Жұмыс сапары аясында Бірінші вице-министр Асқарбек Ертаев компания басшылығымен кездесті. Еңбек қорғау, өндірістік қауіпсіздік, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы және еңбек жағдайларын жақсарту мәселелері талқыланды.
Қонақтарға Qarmet компаниясының негізгі жобалары таныстырылып, қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыруға арналған заманауи алаң — жаңартылған Qarmet University мүмкіндіктері көрсетілді.
Делегация өндірістік цехтарға барып, жаңғырту процестерімен танысты.
Сапар нәтижесі бойынша тараптар әлеуметтік-еңбек қатынастары мен еңбек қауіпсіздігі саласында әрі қарай ынтымақтастыққа дайын екендіктерін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1141337?lang=kk