Алакөл ауданының салық басқармасында ашық есік күні өтті
14.01.2026 17:21:35 98
Алакөл ауданының салық басқармасында ашық есік күні өтті
Алакөл ауданының салық басқармасында өткен ашық есік күні салық төлеушілер үшін маңызды шара болды. Бұл іс-шара жаңа Салық кодексінің негізгі өзгерістерін түсіндіру мен халық есепшісі республикалық акциясын жүргізу мақсатында ұйымдастырылды. Ашық есік күні барысында салық төлеушілер салық саласындағы жаңашылдықтар, төлемдер тәртібі, жеңілдіктер мен салық жеңілдіктерін алу шарттары бойынша толығымен ақпарат алды.
Сондай-ақ, салық төлеушілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар толық әрі түсінікті түрде берілді. Шарада салық басқармасының қызметкерлері мен мамандары жеке және заңды тұлғаларға салық саласындағы өзекті мәселелер бойынша кеңес беріп, қажетті ақпаратты жеткізді. Сонымен қатар, ашық есік күні салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық декларацияларын толтыру және салықтық есептілік бойынша көмек көрсету мақсатында арнайы консультациялар ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1141325?lang=kk