Жаңаөзен қаласында көпбалалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталды

Жаңаөзен қаласында көпбалалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталды

14.01.2026 20:40:54 331

Жаңаөзен қаласында көпбалалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №1119 Жарлығы негізінде Жаңаөзен қаласы және оған қарасты ауылдарды қоса алғанда 61 көпбалалы ана мемлекеттік наградалармен марапатталды. Оның ішінде 18 анаға «Алтын алқа», 43 анаға «Күміс алқа» табысталды.

Қала әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағанбетов аналарды құттықтап, олардың отбасы мен қоғамдағы орны айрықша екенін атап өтті. Марапат иелері мемлекет тарапынан көрсетілген құрмет үшін ризашылықтарын білдіріп, балаларды тәрбиелеу – ең абыройлы міндет екенін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1141473?lang=kk