Чехия Президенті Қазақстан Елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Чехия Президенті Қазақстан Елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

15.01.2026 08:01:05 242

Прага, 2025 жылғы 14 қаңтар – Прага Қамалында Қазақстан Республикасының Елшісі Қайрат Әбдірахманов Чех Республикасының Президенті Петр Павелге сенім грамоталарын тапсырды. Салтанатты рәсім аясында қазақстандық дипломат пен чех мемлекет басшысы әңгімелесіп, екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін растап, оларды одан әрі тереңдетуге өзара қызығушылықтарын білдірді.

Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды. Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу барысында жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту мүддесінде Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аясындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді. Еуропалық одақ пен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастықтың жоғары қарқыны қанағаттанушылықпен тілге тиек етілді.

Елші чех тарапының назарын Қазақстандағы жаңғырудың жаңа кезеңіне аударып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген жаңа жылдық сұхбатында айқындалған орнықты экономикасы, тұрақты саяси жүйесі және қоғамдық игіліктерді әділ бөлу қағидаты бар құқықтық мемлекет құру басымдықтарын атап өтті. Чех кәсіпкерлері Қазақстандағы экономикалық өзгерістерге, әсіресе энергетика және коммуналдық шаруашылық салаларына ерекше қызығушылық танытып отыр. Себебі, чех компаниялары дәл осы салаларға қажетті, ресурсты үнемдейтін және экологиялық таза озық технологиялармен жабдықталған.

Осы және өзге де өзара тиімді қазақстан-чех ынтымақтастығының бағыттары бойынша жоғары және аса жоғары деңгейдегі кездесулерді әзірлеу мақсатында екі елдің үкіметтері, іскер және қоғамдық топтары желісі арқылы үйлестірілген жұмыс жалғастырылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/1141504?lang=kk