Гонконгте жасанды интеллект саласындағы технологиялық бастамалардың өзара әрекеттестігі мен болашағы талқыланды

Гонконгте жасанды интеллект саласындағы технологиялық бастамалардың өзара әрекеттестігі мен болашағы талқыланды

15.01.2026 08:10:35 210

Гонконг, 2026 жылғы 9 қаңтар – Қазақстан Республикасының аймақтары мен Гонконг арасындағы жасанды интеллект пен ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту аясында Қазақстан Республикасының Гонконг арнайы әкімшілік ауданындағы (АӘА) Бас консулдығында Павлодар қаласындағы «Huazhi Future», «ChinoLite» және «Omis Inc.» компанияларының өкілдерінің кездесуі өтті.

Кездесуге қатысқан компаниялардың Гонконг құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Гонконг арнайы әкімшілік ауданындағы Бас консулы Бауыржан Досманбетов Гонконг компанияларына қазақстандық тараптың аймақтарда қауіпсіздік жүйелеріне, тұлғаны тануға, киберқылмыспен және есірткі саудасына қарсы іс-қимылға жасанды интеллект шешімдерін енгізуге мүдделі екенін хабарлады.

Өз кезегінде «Huazhi Future» компаниясының өкілдері Қытайдың құрлық бөлігінде орналасқан Чунцин, Ханчжоу және Шэньчжэнь қалаларындағы іске қосылған деректер орталықтарын таныстырды. Дүниежүзілік есептеу қуатына сұраныстың артуын ескере отырып, «Huazhi Future» компаниясының Басшысы Қазақстанда деректер орталықтарын салуға мүдделі екенін білдірді.

Кездесу қатысушылары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылды Қазақстанда цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау бастамасының маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты Бас консул бірлескен іс-шараларды, хакатондар мен жаңа кәсіптік презентацияларын өткізуге қызығушылық білдірді.

«OMIS Inc.» IT-компаниясы мемлекеттік және іскерлік салаларға арналған цифрлық шешімдерді жүзеге асырады және бірнеше жыл бойы Павлодар облысы прокуратурасы және өңірдің құқық қорғау органдарымен бірлесіп құқық тәртібі саласында тығыз жұмыс жүргізіп келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hongkong/press/news/details/1141525?lang=kk