Ағымдағы жылы Қазақстан-бразилиялық ынтымақтастығын дамыту жоспарлары талқыланды
15.01.2026 08:10:37 221
Бразилиа қ., 2026 жылғы 14 қаңтар – Бразилия Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіповтің БФР Сыртқы істер министрінің орынбасары Сюзан Клибанкпен кездесуі өтті. Кездесуге БФР-дың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марсело Биату да қатысты.
Тараптар, кездесу барысында 2025 жылғы 8 желтоқсанда Астанада өткен 7-ші Қазақстан-Бразилиялық саяси консультациялардың қорытындысы бойынша қол жеткізілген және екіжақты саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық және салалық ықпалдастықты кеңейтуге, сондай-ақ өңірлік және көпжақты құрылымдар аясындағы бастамаларды үйлестіруге бағытталған уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады.
Алдағы халықаралық іс-шараларға, соның ішінде 2026 жылғы сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит пен 2026 жылғы наурызда Кампу-Гранде қаласында өтетін көшпелі жабайы жануарлардың түрлері туралы Конвенцияға арналған Халықаралық конференцияға екі ел өкілдерінің қатысуының ұйымдастырушылық және мазмұндық аспектілеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ тараптар, жоғары және жоғарғы деңгейлерде екіжақты сапарларды ұйымдастыру мәселелері бойынша пікір алмасып, Қазақстан-бразилиялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілікті растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1141521?lang=kk