«Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіне тапсырыс беру» қызметін алу туралы ақпараттық хабарлама
15.01.2026 15:00:46 222
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін онлайн алу қызметі 2026 жылғы 8 қаңтарда eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы пилоттық режимде іске қосылды. Алғашқы екі күнде 113 мыңнан астам өтініш берілген болса, 15 қаңтарға қарай олардың жалпы саны 226 мыңнан асты.
Қызметтің танымалдығы онлайн өтініш берудің ыңғайлылығын көрсетеді. Алайда кейбір жағдайларда төлем жасағаннан кейін пайдаланушылар таңдалған нөмірдің әлі де қолжетімді екенін көре алады. Көбінесе бұл өтініштің соңғы қадамында толық аяқталмағанымен байланысты.
Мұндай жағдайда өтінішті қайта тапсырып, үшінші қадамда «Бұрын төленген» опциясын таңдап, банк пен төлем күнін көрсету қажет. Процедура аяқталған соң нөмір пайдаланушыға бекітіліп, басқа өтініш берушілерге қолжетімсіз болады.
Егер пайдаланушы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алудан бас тартса, ол ақшаны қайтару қызметін пайдалана алады. Ақшаны қайтару тәртібі туралы толық нұсқаулық eGov.kz әлеуметтік желілерінде қосымша жарияланатын болады.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ командасы пайдаланушы тәжірибесі мен жоғары жүктемені ескере отырып, сервисті жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруда. Барлық берілген өтініштер өңделетін болады.
Цифрлық мемлекеттік қызметтерді пайдаланғандарыңызға және түсіністік көрсеткендеріңізге алғыс білдіреміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1141850?lang=kk