Қазақстан-Мажарстан: іскерлік байланыстар талқыланды
15.01.2026 20:21:21 238
Будапешт, 2026 жылғы 8 қаңтар - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы OTP Bank Директорлар кеңесінің мүшесі – СЕО орынбасары Ласло Вольф мырзамен кездесті.
Елші Қазақстан мен Мажарстан арасындағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен алдағы кезеңде болатын экономикалық іс-шаралар туралы ақпарат берді. Елші Қазақстанның инвестициялық әлеуеті, қолайлы іскерлік ортасы және шетелдік инвесторларға ұсынылатын мүмкіндіктер жөнінде жан-жақты ақпарат беріп, мажар компанияларының Қазақстан нарығына қызығушылығын арттыру бағытында бірлескен жұмысты күшейтуге шақырды.
Өз кезегінде Л.Вольф мырза Қазақстанды мажар компаниялары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын, іскерлік бастамаларды жүзеге асыруға қолайлы әрі перспективалы нарық ретінде бағалап, Елшіліктің бұл бағыттағы жұмысына өзінің жеке қолдауын білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1142188?lang=kk