Қазақстан Швейцарияның ЕҚЫҰ-дағы басымдықтарына өз қолдауын білдірді
17.01.2026 08:00:37 173
2026 жылғы 15 қаңтар, Вена қ.. Швейцарияның 2026 жылғы төрағалығының басталуына байланысты өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Тұрақты кеңесінің бірінші отырысында Ұйымның Іс басындағы төрағасы, Швейцарияның Федералдық канцлері және Сыртқы істер федералдық департаментінің басшысы Иньяцио Кассис өз мандатының негізгі басымдықтарын таныстырды. Олардың қатарына Украинада әділ және ұзақ мерзімді бейбітшілікті белсенді түрде ілгерілету, ЕҚЫҰ-ны диалог үшін инклюзивті платформа ретінде нығайту және оның операциялық әлеуетін арттыру кіреді.
Институционалдық реформалардың қажеттілігіне, тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуге және ЕҚЫҰ-ның бірыңғай бюджетін жедел қабылдауға ерекше назар аударылды.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы Тұрақты Өкілі, Елші Мұхтар Тілеуберді өз қарымта мәлімдемесінде экономикалық өзара байланыстықтың және қоршаған орта мен климат күн тәртібінің маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты 2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтетінін еске салды. Сонымен қоса, Ауғанстаннан туындайтын трансұлттық қауіп-қатерлерімен күресудің маңыздылығына да назар аударды. М.Тілеуберді өз сөз сөйлеуін қорытындылай келе, И.Кассисті ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы ретінде Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Анықтама үшін: 2026 жылғы 1 қаңтарда Швейцария ЕҚЫҰ-дағы төрағалығын қабылдап, 1996 және 2014 жылдардағы бұрынғы мерзімдерден кейін Ұйымға үш рет төрағалық еткен алғашқы ел болды.
Қазіргі төрағалығы кезінде Швейцария бес негізгі басымдықты анықтады: тұрақты бейбітшілік үшін Хельсинки қағидаттары; инклюзивті көпжақты дипломатия; қауіпсіз және гуманистік болашақ үшін озық технологиялар; демократия, заң үстемдігі және адам құқықтары, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның әрекет ету мүмкіндігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1142990?lang=kk