Қостанай облысындағы мәдениет және спорт мекемелерін дамыту

Қостанай облысындағы мәдениет және спорт мекемелерін дамыту

17.01.2026 13:10:21 236

Қостанай облысында халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың өзін-өзі дамытуына және салауатты өмір салтын нығайтуға бағытталған мәдени және спорттық инфрақұрылымды дамыту шаралары жүйелі түрде іске асырылуда.

Соңғы үш жылда облыстың ауылдық елді мекендерінде 5 мәдениет нысаны салынды:
Жітіқара ауданының Пригородное ауылы, Алтынсарин ауданының Большая Чураковка ауылы, Қамысты ауданының Арқа ауылы, Ұзынкөл ауданының Ершовка және Троебратское ауылдары.
Барлық жаңа мекемелерде жастардың бос уақытын ұйымдастыруға, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізуге арналған заманауи жағдайлар жасалған.

Спорттық инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылуда.

2025 жылы өңірде 8 спорт кешені, 6 хоккей корты, оның ішінде 4 жабық, сондай-ақ 2 жабық спорт залы салынды. Спорт кешендерінің жалпы санынан 3 нысан қалаларда пайдалануға берілді — оның бірі Арқалық қаласында, екеуі Рудный қаласында орналасқан.

Қостанай қаласында үстел теннисі кешенінің құрылысы басталып, «Осьминог» аквапаркінің қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жітіқара қаласында жеке инвестициялар есебінен дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысы жүзеге асырылуда.

Жаңа мәдениет және спорт нысандары барлық жастағы тұрғындарға, оның ішінде балалар мен жастарға арналған және Қостанай облысының әлеуметтік-мәдени дамуына маңызды үлес қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1143025?lang=kk