Қазақстанның этникалық топтамасы International Kids Fashion Week аясында жоғары марапатқа ие болды

Қазақстанның этникалық топтамасы International Kids Fashion Week аясында жоғары марапатқа ие болды

19.01.2026 16:50:56 176

Абу Даби, 2026 жылғы 18 қаңтар – Абу Дабиде шейха Фахра бинт Дияб Әл Наһаянның қамқорлығымен балалар сәні саласындағы халықаралық шара – International Kids Fashion Week ұйымдастырылды.

Сән апталығының ұйымдастырушысы – Біріккен Араб Әмірліктерінің тұңғыш дизайнері әрі балалар сәні мен мәдениеті саласындағы халықаралық жобаларды дамытудағы жетекші тұлғалардың бірі Мона Әл Мансури.

Іс-шара Қазақстан, БАӘ, Ресей, Үндістан, Марокко, Австралия, Замбия, Таиланд, Филиппин және Оман елдерінен келген дизайнерлер мен қатысушыларды біріктіріп, International Kids Fashion Week-тің жаһандық мәдени және сән алаңы ретіндегі мәртебесін растады.

Ұлттық дәстүрлерге, ою-өрнектерге және мәдени мұраға негізделген қазақ этникалық топтамасы халықаралық аудитория тарапынан зор қызығушылыққа ие болды.

Көрсетілім қорытындысы бойынша отандық дизайнер Гаухар Канатбай «Үздік балалар дизайнері» номинациясы бойынша марапатты иеленді. Бұл оның шығармашылық көзқарасы мен этникалық нақыштарды заманауи балалар сәнімен сәтті үйлестіре алғанының айқын дәлелі болды.

Сонымен қатар,аталған іс-шараға қазақ тарапының қатысуын қамтамасыз еткені үшін ұйымдастырушылар Қазақстанның Абу Дабидегі Елшілігіне арнайы марапат табыстады. Бұл мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудағы дипломатиялық қолдаудың маңыздылығын айқындай түсті.

International Kids Fashion Week мәдениет, сән және балалар шығармашылығы халықтар арасындағы халықаралық диалогты, өзара түсіністік пен достықты нығайтатын маңызды көпір екенін айғақтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1143710?lang=kk