Самар ауданында әкімдік отырысы өтті

Самар ауданында әкімдік отырысы өтті

20.01.2026 11:20:42 157

19 қаңтар күні Самар ауданында әкімдік отырысы өтті. Отырыс барысында Мемлекет басшысының «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы тапсырмаларының орындалу барысы қаралды, сондай-ақ ағымдағы жұмыстар мен алдағы кезеңге арналған міндеттер талқыланды.

Сонымен қатар туризм саласы бойынша 2025 жылдың қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған негізгі жоспарлар мен басым бағыттар айқындалды.

Жиында қысқы кезеңде автомобиль жолдарында қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды. Өткен жылы коммуналдық шаруашылық саласында автопарк жаңартылғаны, соның нәтижесінде қар тазалау жұмыстары уақытылы жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Қойылған міндеттердің формализмге жол бермей, сапалы әрі жауапкершілікпен орындалуы қажеттігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1144171?lang=kk