Қытай Халық Республикасының салық резиденттігі туралы сертификаттарды беру ережелері

Қытай Халық Республикасының салық резиденттігі туралы сертификаттарды беру ережелері

20.01.2026 17:01:36 150

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қытай Халық Республикасының құзыретті органдары беретін салықтық резиденттік сертификаттарын рәсімдеудің жаңа қағидалары 2025 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілгенін хабарлайды.

      Негізгі жаңалық сертификатта уәкілетті тұлға қоятын қолды алып тастау. Құжаттың заңды күші салық органының ресми мөрімен және мөрдің түпнұсқалығын растайтын апостильмен қамтамасыз етіледі.

      Апостильдің әдетте қол қою туралы мәліметтер көрсетілетін бағандарда «қолданылмайды» («Not applicable») деген белгі қойылады, бұл қалыптасқан практикаға сәйкес келеді және құжаттың заңды күшіне әсер етпейді.

     Бұл шешім тиімділікті арттыруға және салықтық резиденттік сертификаттарын беру жөніндегі сұрау салуларды өңдеу мерзімдерін қысқартуға бағытталған. Жаңа тәртіп 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясының ережелеріне сәйкес келеді және құжаттың халықаралық деңгейде танылуын қамтамасыз етеді.

     Бұл өзгеріс салықтық резиденттікті растау рәсімдерін ңайлатуға және жеделдетуге бағытталған. Мөрі мен апостилі бар сертификат салықтық мақсаттар үшін танылатын толыққанды ресми құжат болып табылады.

    Бұрын берілген, құрамында қолтаңбасы да, мөрі де бар сертификаттар заңды күшін сақтайды және тиісті кезеңдер үшін салықтық мәртебені растау мақсатында қабылданады.

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге және олардың уәкілетті өкілдеріне Қытай Халық Республикасының құзыретті органдары берген құжаттарды ұсыну кезінде осы өзгерістерді ескеруді ұсынады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1144540?lang=kk