Конькимен жүгіру спорты бойынша ашық чемпионат өтті

Конькимен жүгіру спорты бойынша ашық чемпионат өтті

20.01.2026 18:21:15 135

17-18 қаңтар күндері Технодом арена аумағында ашық чемпионат ұйымдастырылды. Жарысқа әр түрлі жас санаттары бойынша жас спортшылар қатысты, олардың техникасы мен физикалық дайындығы сыналды.

Чемпионаттың басты мақсаты — конькимен жүгіру спортын дамыту, жас спортшыларға тәжірибе жинауға мүмкіндік беру және спорттық ынтымақтастықты нығайту. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендер үшін қызықты әрі тартымды өтті.

Жарыстар барысында спортшылардың шеберлігі мен төзімділігі бағаланып, олардың дамуына ерекше көңіл бөлінді. Чемпионат жас спортшыларға әрі қарайғы жарыстарға дайындалуға, жаңа жетістіктерге қол жеткізуге және спорттық шеберлігін арттыруға үлкен мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1144689?lang=kk