STEM цифрлық көкжиектері: Сианьда Орталық Азия педагогтарына арналған оқыту

STEM цифрлық көкжиектері: Сианьда Орталық Азия педагогтарына арналған оқыту

20.01.2026 19:10:41 130

11–19 қаңтар 2026 жылдары КММ «А. Бөкейхан атындағы тірек мектеп (ресурстық орталық)» информатика пәнінің мұғалімі Болат Бабек Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында өткен «Орталық Азияның бастауыш және орта мектептеріне арналған STEM педагогтарын даярлау» атты халықаралық біліктілікті арттыру бағдарламасына қатысты.

Оқу бағдарламасы 8 күндік қарқынды курсты қамтыды және келесі модульдерден тұрды: пәнаралық STEM-білім берудегі ашық аппараттық қамтамасыз етудің негіздері; Mind+ 2.0 платформасымен жұмыс, заттар интернеті (IoT) датчиктерін қолдану және жасанды интеллект модельдерін оқыту; жергілікті ерекшеліктерге бейімделген STEM-жобаларды әзірлеу, сондай-ақ Сиань қаласындағы озық мектептерге бару.

Оқу аяқталған соң Болат Б. Шэньси педагогикалық университетінің халықаралық үлгідегі сертификатына ие болды. Алынған білім мен тәжірибе мектептің білім беру үдерісінде тиімді қолданылады деп күтілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1144753?lang=kk