ЕКПА Қазақстандағы саяси реформалардың ілгерілеуін оң бағалады
21.01.2026 08:00:24 278
Страсбург, 2026 жылғы 19 қаңтар – Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы «Қазақстанның демократиялық реформаларын және өңірлік көшбасшылығын қолдау» (Support for Kazakhstan’s Democratic Reforms and Regional Leadership) атты жазбаша декларацияны қабылдады.
Құжаттың авторы - беделді британдық депутат Майкл Герман («Еуропа үшін либералдар мен демократтар альянсы» партиясының мүшесі). Декларацияға ЕКПА-ның әртүрлі саяси фракцияларының 21 мүшесі қол қойды. Мәлімдемеде Қазақстанның ауқымды демократиялық реформаларды іске асыруға деген өзгермес ұстанымы жоғары бағаланып, Еліміздің демократиялық басқаруды дамыту, адам құқықтарын қорғау және заң үстемдігін нығайту салаларында өңірлік көшбасшы мәртебесін бекіте түсетіні атап өтілді.
Декларацияда Қазақстанның саяси басшылығының демократиялық трансформацияны ілгерілету мақсатында қабылдаған маңызды қадамдары, соның ішінде конституциялық және заңнамалық реформалар, сондай-ақ өлім жазасын жоюы құпталады.
Сондай-ақ Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы сот жүйесін реформалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, адам құқықтарын ілгерілету және демократиялық институттарды нығайту сияқты негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастық ерекше атап өтіледі. Бұл өз кезегінде нақты нәтижелерге қол жеткізуге және Қазақстанның өңірдегі демократиялық дамудың үлгісі ретіндегі рөлін күшейтуге ықпал етті.
Құжат Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан демократиялық трансформацияны қолдауға, сондай-ақ демократия, адам құқықтары және заң үстемдігі сияқты ортақ құндылықтарды ілгерілету мақсатында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесуге шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1144772?lang=kk