Ұлттық құрылтай тапсырмаларының орындалуы талқыланды

Ұлттық құрылтай тапсырмаларының орындалуы талқыланды

21.01.2026 16:50:37 136

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер бойынша берілген тапсырмаларды орындау тетіктері талқыланды.
Аудан басшысы Мемлекеттік рәміздерді пайдалануда салғырт қарауға болмайтынын Мемлекет басшысы ерекше атап өткенін айтып, бұл бағыттағы бақылауды күшейтуді жауапты сала басшыларына тапсырды.
Жиында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының жүзеге асырылу барысы назардан тыс қалған жоқ. Бұл бастама Ұлттық құрылтайда көтеріліп, Президенттің тікелей назарында болғаны атап өтілді.
Аудан әкімі акция аясында тазалық жұмыстарын қарқынды түрде жалғастыру қажеттігін айтты. Сондай-ақ, аудандық полиция бөліміне құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейтіп, жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуын бақылауға алуды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1145293?lang=kk