Қоғамдық қабылдау қорытындылары
21.01.2026 18:10:38 160
Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Омарғали Байғабылов «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалында азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан әлеуметтік, коммуналдық, тұрғын үй, инфрақұрылым және жергілікті маңызы бар өзге де мәселелер көтерілді.
Әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама аясында жан-жақты түсіндірмелер беріліп, нақты ұсыныстар мен пікірлер тыңдалды. Бірқатар мәселелер бойынша оң шешімдер қабылданып, тиісті қолдау көрсетілді.
Кейбір күрделі және қосымша талдауды қажет ететін мәселелер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен қосымша зерделеу жүргізу жоспарлануда. Қабылдау қорытындысы бойынша жауапты құрылымдарға тиісті тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1145433?lang=kk