Қазақстан мен Финляндия жаңа конституциялық реформаның кезеңінде парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Финляндия жаңа конституциялық реформаның кезеңінде парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуда

22.01.2026 15:01:04 235

Хельсинки, 2026 жылғы 21 қаңтар – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндия Парламенті Халықаралық істер жөніндегі директоры Лаура Камраспен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты әрі қарай нығайту маңыздылығын, бұл қазақ-фин екіжақты және өңіраралық қатынастардың маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті. Арнайы назар парламент мүшелерінің өзара сапарларын ұйымдастыру және парламенттік достық топтарының қызметін жандандыру перспективаларына аударылды.

Қазақ дипломат финдық тарапты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың V Ұлттық құрылтай отырысындағы негізгі баяндамалық бағыттарымен таныстырып, жарияланған конституциялық реформаның мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту, парламенттің рөлін күшейту және ұзақмерзімді саяси тұрақтылықты нығайтуға жаңа кезең ашатынын, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы негізін қалайтынын атап өтті.

Л.Камрас Қазақстандағы ішкі саяси реформаларды жоғары бағалап, олардың жүйелі және инклюзивті сипатын ерекше атап көрсетті. Ол финдік тараптың парламентаризм саласындағы тәжірибе алмасуға қызығушылығын білдіріп, практикалық өзара іс-қимылға дайын екендігін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-helsinki/press/news/details/1145883?lang=kk