Қазақстанның Мажарстандағы Елшісің Қазақстанның Мажарстандағы Құрметті консулдарымен кездесулері туралы

Қазақстанның Мажарстандағы Елшісің Қазақстанның Мажарстандағы Құрметті консулдарымен кездесулері туралы

22.01.2026 15:30:56 266

Будапешт, 2026 жылғы 14 және 19 қаңтар - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы Қазақстанның Мажарстандағы Құрметті консулдары Ласло Хорват және Габор Шагимен бөлек жұмыс кездесулерін өткізді.

Кездесулер барысында қазақстан-венгр өңіраралық ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері, оның ішінде экономика, инвестициялар, логистика, ауыл шаруашылығы, туризм және мәдениет салаларындағы өзара іс-қимыл талқыланды.

2025 жылғы бірлескен қызметтің қорытындыларын шығару мен 2026 жылға арналған жоспарларға, соның ішінде бірлескен экономикалық, мәдени және мәдени-гуманитарлық іс-шараларды өткізуге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар өңірлік деңгейдегі практикалық өзара іс-қимыл мәселелері мен өзекті мәдени-гуманитарлық күн тәртібі қаралды.

Елші Құрметті консулдардың Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық байланыстарды ілгерілетудегі, сондай-ақ Мажарстан өңірлерінде Қазақстанның оң имиджін нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.

Өз кезегінде Құрметті консулдар өздерінің консулдық округтеріндегі ағымдағы және жоспарланған қызметі туралы ақпарат беріп, практикалық ынтымақтастықты кеңейту жөнінде ұсыныстарын білдірді және Елшілікпен бірлескен бастамаларды одан әрі үйлестіруге дайын екендіктерін жеткізді.

Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар қазақстан-венгр ынтымақтастығының басым бағыттары бойынша тұрақты байланыстар мен өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

Анықтама: Ласло Хорват мырзаның консулдық округіне Каргац қаласы, сондай-ақ Бач-Кишкун, Бекеш, Чонград-Чанад, Хайду-Бихар, Яс-Надькун-Сольнок, Пешт және Сабольч-Сатмар-Берег облыстары кіреді.

Габор Шаги мырзаның консулдық округіне Веспрем қаласы, сондай-ақ Ваш, Веспрем және Фейер облыстары кіреді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1145950?lang=kk