Арнайы экономикалық аймақтың кәсіпкерлері үшін жаңа Салық кодексінің нормалары бойынша семинар өткізілді

Арнайы экономикалық аймақтың кәсіпкерлері үшін жаңа Салық кодексінің нормалары бойынша семинар өткізілді

22.01.2026 19:00:32 228

АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының шақыруы бойынша 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Іс-шараға спикерлер ретінде мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары қатысты, олар қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы, сондай-ақ салық заңнамасының соңғы өзгерістерін ескере отырып, арнайы салық режимдерін қолдану мәселелері бойынша түсініктемелер берді.

Семинар барысында 5 қаңтарда басталып, ағымдағы жылдың      30 маусымына дейін жалғасатын "Халық бухгалтері" республикалық акциясы туралы ақпарат айтылды. "Халық бухгалтері" кабинеті кәсіпкерлерге бухгалтерлік есеп, салықтық есептілік және ақпараттық жүйелердегі жұмыс мәселелері бойынша тегін кеңес береді. Консультацияларды "Қазақстанның бухгалтерлер және бухгалтерлік ұйымдар одағы" бухгалтерлердің кәсіби ұйымының мүшелері және МКБ мамандары жүргізеді.

Семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға практикалық түсініктемелер мен жауаптар алды. Мұндай іс-шаралар кәсіпкерлердің салық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД-ның

түсіндіру жұмысы және байланыс-орталығы басқармасы

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1146291?lang=kk