"Атамекен" кәсіпкерлер палатасында бизнестің уәкілетті органдармен кездесуі өтті
22.01.2026 19:20:40 199"Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында облыстың кәсіпкерлік субъектілерінің қалалар мен аудандар әкімдіктері, Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің, сондай-ақ өңірлік палата басшылары мен сарапшыларының қатысуымен кездесуі өтті.
Іс-шара аралас форматта өтті. Zoom режимінде кездесуге облыстың қалалары мен аудандарынан 150-ге жуық кәсіпкер қосылды. Кеңес барысында қатысушыларға 100-ден астам өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.
Кездесудің негізгі тақырыбы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексінің ережелерін талқылау болды. МКД қызметкерлері: Әйгерім Дженисовна Ахажанова, камералдық мониторинг басқармасының бөлім басшысы, Айслу Елтаевна Карменова, ҚҚС әкімшілендіру бөлімінің басшысы, Арман Табалдыевич Увалиев, өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы, Төлеген Билялович Шаймарданов, түсіндіру жұмысы және байланыс-орталығы басқармасының басшысы баяндамалар жасады.
Күн тәртібі шеңберінде кәсіпкерлерге салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер, соның ішінде салықтық әкімшілендіру мен есептіліктегі жаңашылдықтар, ҚҚС, корпоративтік табыс салығы, салық режимдері, камералдық бақылау, салықтық тексерулер бойынша өзгерістер, сондай-ақ мобильді аударымдар жұмысының тетіктері және т. б. түсіндірілді.
"Халық бухгалтері" республикалық акциясына ерекше назар аударылды. "Халық бухгалтері" кабинеті кәсіпкерлерге бухгалтерлік есеп, салықтық есептілік және ақпараттық жүйелердегі жұмыс мәселелері бойынша тегін кеңес береді. Кеңес беруді "Қазақстанның бухгалтерлер және бухгалтерлік ұйымдар одағы" бухгалтерлердің кәсіби ұйымының мүшелері және МКБ мамандары жүргізеді.
"Халық бухгалтері" кабинеті Павлодар қ., Жеңіс алаңы, 5а (1-қабат, сол қанат) мекен-жайында орналасқан.
Науқанның алғашқы айларында (қаңтар-ақпан) кабинеттің жұмыс кестесі аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін өтеді. Наурыз айынан бастап консультациялар аптасына 2 рет өтеді.
Осыған ұқсас кабинеттер Ақсу және Екібастұз қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларында жұмыс істейді.
Семинар сындарлы форматта өтті.
Павлодар облысы бойынша МКД-ның
түсіндіру жұмысы және байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1146305?lang=kk