Шымкентте құмар ойындар мен нашақорлықтың зияны туралы фильм көрсетілді.
23.01.2026 09:49:38 298Шымкентте құмар ойындар мен нашақорлықтың зияны туралы фильм көрсетілді.

Шымкент қалалық прокуратурасы қала әкімшілігімен бірлесіп, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында құмар ойындар мен нашақорлықтың қоғамға кері әсеріне арналған толықметражды фильмнің көрсетілімін ұйымдастырды.
Іс-шараға 700-ден астам студент пен жасөспірім қатысты.
Фильм құмар ойындар мен нашақорлықтың зиянын, сондай-ақ олардың жастардың денсаулығына, психологиялық жағдайына және әлеуметтік өміріне кері әсерін айқын көрсетеді.