Халықтық бухгалтер» акциясы аясындағы Ашық есік күні

Халықтық бухгалтер» акциясы аясындағы Ашық есік күні

23.01.2026 15:20:33 151

2026 жылғы 23 қаңтарда Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының алаңында республикалық «Халықтық бухгалтер» акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары үшін Ашық есік күні өткізілді.
Мемлекеттік кірістер органдарының мамандары жаңа Салық кодексінің ережелерін, салықтық есептілікті тапсыру тәртібін, арнайы салық режимдері бойынша өтпелі нормаларды, ҚҚС бойынша тіркеу және тіркеуден шығару мәселелерін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу ерекшеліктерін түсіндірді.

Акция 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады. Салық төлеушілерге арналған консультациялар бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде өткізіледі:
қаңтар–ақпан айларында — дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін; наурыз айынан бастап — аптасына екі рет.
Консультациялар мына мекенжай бойынша өткізіледі:

Өскемен қ., Н. Назарбаев даңғылы, 86, 3-қабат, Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы. Облыстың басқа қалалары мен аудандарының салық төлеушілері үшін бейнебайланыс арқылы консультация алу мүмкіндігі қарастырылған. Байланыс нөмірі: 8 771 123 80 84.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1146787?lang=kk