Пробация қызметінің жұмыс кеңесі
24.01.2026 11:10:22 239
Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Пробация қызметіне жетекшілік ету басқармасының бастығы, әділет полковнигі Нұрахметов Еркін Тұрлыбекұлының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес барысында пробация қызметінің 2025 жылдағы қызмет қорытындылары шығарылды. Қатысушылар қызметтік қызметтің негізгі көрсеткіштерін, есепте тұрған адамдарға көрсетілген әлеуметтік-құқықтық көмектің нәтижелерін, олардың қайта әлеуметтендірілуі, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл барысын жан-жақты талқылады.
Пробация қызметінің практикалық қызметінде туындайтын проблемалық мәселелерге, жіберілген кемшіліктерді талдауға және оларды жою бойынша нақты шаралар қабылдауға ерекше назар аударылды. Жеке профилактикалық жұмысты күшейтудің, есепте тұрған адамдарға бақылаудың тиімділігін арттырудың және ведомствоаралық өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың маңыздылығы атап өтілді.
Кеңес қорытындысы бойынша ҚАЖК ІІМ Пробация қызметіне жетекшілік ету басқармасының бастығы тиісті тапсырмалар беріп, алдағы кезеңге арналған пробация қызметінің басым міндеттері мен негізгі жұмыс бағыттарын айқындады. Аталған тапсырмалар бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың орындалу сапасын арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisastana/press/news/details/1147308?lang=kk