Дүниежүзілік сайлау күніне орай дәріс өтті

Дүниежүзілік сайлау күніне орай дәріс өтті

26.01.2026 13:20:25 111

Дүниежүзілік сайлау күніне орай дәріс өтті

Дүниежүзілік сайлау күніне орай «Заң үстемдігі – тұрақты қоғамның негізі» тақырыбында дәріс ұйымдастырылды.

Дүниежүзілік сайлау күнін жыл сайын ақпан айының бірінші бейсенбісінде атап өту дәстүрі Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының бастамасымен енгізілген. Атаулы күннің негізгі мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы жұртшылықты ақпараттандыру, сайлаушылардың электоральдық белсенділігін арттыру, сондай-ақ жас сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға деген оң көзқарасты қалыптастыру.

Биыл 5 ақпанға сәйкес келетін Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту мақсатында Жаңаөзен қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен он күндік іс-шаралар жоспары бекітілді. Аталған жоспар аясында бүгін О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды-техникалық колледжінде студенттерге арналған «Заң үстемдігі – тұрақты қоғамның негізі» тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.

Іс-шара барысында Жаңаөзен қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С. Мұхаммедов кіріспе сөз сөйлеп, комиссия төрағасының орынбасары С. Қалаубаев тақырыптық дәріс оқыды. Сонымен қатар, студенттердің қойған сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1147810?lang=kk