Варшавада Қазақстан мен Польша арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды
26.01.2026 20:10:46 183
Варшава, 2026 жылғы 26 қаңтар - Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Польша Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Войцех Зайончковский кездесті.
Тараптар Қазақстан-Польша ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасу өткізіп, оның ішінде ағымдағы жылға арналған екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады. Саяси және сауда-экономикалық байланыстарды тереңдету, құқықтық-құжаттық базаны кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі өзара міндеттемелер расталды.
Сонымен қатар, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Польша тарапына Қазақстандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 20 қаңтарда Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда жариялаған даму басымдықтары туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, Қазақстанның дипломатиялық миссиясының басшысы еліміздің әлемдік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты ұстанымын таныстырды.
Польша Сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстанның Варшаваның Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси басымдықтарында айрықша орын алатынын атап көрсетіп, Астанамен өзара тиімді ынтымақтастықты алдағы уақытта да дамытуға берік ұстанымын білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1148317?lang=kk