Қазақ анимациялық фильмдер Үндістандағы халықаралық балалар кинофестивалінде көрсетілді

Қазақ анимациялық фильмдер Үндістандағы халықаралық балалар кинофестивалінде көрсетілді

27.01.2026 15:10:58 169

Нью-Дели, 2026 жылғы 25 қаңтар - Үндістанның Калькутта қаласында өткен беделді халықаралық балалар кинофестиваліне қазақстандық кино индустрия өкілдері қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшілігінің және халықаралық продюсер және халықаралық фестивальдерде қазақстандық фильмдерді ілгерілету жөніндегі маман Әсел Ырыстың қолдауымен өтті.

Фестиваль аясында екі қазақ анимациялық фильмдер - «Seriktes» және «Aldar» үнді көрермендерінің назырына ұсынылып, жоғары бағаланды. Аталған туындылар бұған дейін Франция, Түркия, Аргентина, Ұлыбритания және Италиядағы халықаралық кинофестивальдерде ұсынылып, оң бағаға ие болды.

Фильмдер «Tasqyn Studio» киностудиясында дайындалып, оларды студияның директоры, продюсер әрі режиссёр Мадина Сутбаева, сондай-ақ студия жобаларының продюсері Айгерім Абдраманова таныстырды.

Қазақ анимациялық фильмдерінің Үндістандағы балалар кинофестиваліндегі көрсетілімі екі ел арасындағы мәдени алмасуды дамытуға және шығармашылық әлеуетті арттыруға, ұлттық құндылықтар мен заманауи көзқарасты халықаралық деңгейде танытуға мүмкіндік берді.

Қазақ анимациялық фильмдері фестиваль ұйымдастырушылары мен халықаралық көрермендер тарапынан оң бағаланып, қазақстандық балалар кино саласының мәдени кеңістікте танымалдығына септігін тигізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-delhi/press/news/details/1148758?lang=kk