Мемлекеттік кірістер комитетінде Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісімен кездесу өтті
28.01.2026 18:40:55 146
Астана, 2026 жылғы 27 қаңтарда - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде КГД Төрағасы Жандос Дүйсембиевтің Қазақстан Республикасындағы Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Құдайберген Базарбаевпен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар кедендік және салықтық әкімшілендіру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылды талқылады.
Қазақстан мен Қырғызстанды тарихи жақындыққа, өзара сенімге және стратегиялық әріптестікке негізделген берік бауырластық қатынастар байланыстыратыны атап өтілді. Тараптар өзара сауданы дамытуға, бизнес үшін рәсімдерді жеңілдетуге және екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогты жалғастыруға, практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге және кедендік әрі салықтық әкімшілендірудің заманауи әрі тиімді тетіктерін дамыту бойынша бірлескен жұмысқа дайын екендіктерін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1150113?lang=kk